Рамазан Мадина Сағатқызы

Оркестр әртісі (фортепиано)

2011–2015 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алды.

2015–2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде концертмейстер, 2015–2016 жылдары «Мирас» халықаралық мектебінде фортепиано пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап Хореография академиясында балет концертмейстері және фортепиано пәнінің оқытушысы қызметін атқарады.

2002 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен Суздаль қаласында өткен «Новые имена» қорының X халықаралық жазғы шығармашылық мектебі аясында профессор А. П. Исакованың шеберлік сабақтарына қатысты. 2017 жылы XIII Ұлттық жастар Дельфий ойындарында «Концертмейстер» номинациясы бойынша жоғары шығармашылық қабілеті үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2018 жылы республикалық студенттік олимпиадада концертмейстерлік шеберлігі үшін дипломға ие болды. Фортепиано пәнінен сабақ береді, оның оқушылары музыкалық конкурстардың лауреаттары.

2022 жылдан бастап «Астана Балет» театрының оркестр әртісі.