Рахманкулова Мадина Мейрамкызы
Симфониялық оркестр әртісі (виолончель)
2005–2017 жылдары Алматы қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатында білім алған. 2017–2021 жылдары Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бакалавриат бағдарламасын, 2021–2023 жылдары магистратура бағдарламасын тәмамдаған.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.
Оркестрлік ұжымдар құрамында АҚШ-тағы Carnegie Hall және Peter Jay Sharp at Symphony Space, Мысырдағы Каир опера театры, сондай-ақ Иордания, Түркия, Франция және Швейцарияның концерттік сахналарында өнер көрсеткен. 2024 жылы Грекия мен Қытайдағы гастрольдік концерттерге, 2025–2026 жылдары Грузиядағы Pan-Caucasian Youth Orchestra жобаларына қатысқан.
2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі болып жұмыс істейді.