Пилявский Михаил Владиславович

Симфониялық оркестр әртісі (виолончель)

2004–2012 жылдары Мәскеудегі Ф. Шопен атындағы музыкалық орындаушылық мемлекеттік училищесінде виолончель мамандығы бойынша білім алған. 2012–2013 жылдары Гнесиндер атындағы колледжде, 2013–2016 жылдары П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы академиялық музыка училищесінде оқуын жалғастырған. 2018–2022 жылдары Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында білім алып, оқу орнын үздік дипломмен тәмамдаған.

Халықаралық байқаулардың лауреаты:

* 2020 жыл — Константин Великий атындағы халықаралық байқау (Сербия), «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша II орын;
* 2020 жыл — Don Art I халықаралық орындаушылар байқауы, «Ішекті квартет» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат;
* 2022 жыл — Musica Classica халықаралық байқауы, «Камералық ансамбль» номинациясы бойынша I орын;
* 2024 жыл — В. Т. Узбеков атындағы камералық музыка халықаралық байқауы, «Ішекті квартет» номинациясы бойынша II дәрежелі диплом.

2018, 2019 және 2021 жылдары Мәскеуде өткен «Виолончельные поколения» виолончель фестивальдеріне, сондай-ақ Vivacello халықаралық виолончель фестиваліне қатысқан. Италиялық виолончелист Джованни Соллима мен Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының ректоры А. Н. Васильевтің шеберлік сабақтарына қатысқан.

2023 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі.