Нургазин Ержан Аскарович
Оркестр әртісі (контрабастар)
2011 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясы жанындағы колледжді «Контрабас» мамандығы бойынша (доцент А. А. Якушкиннің сыныбы) тәмамдаған.
2017 жылы П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын «Контрабас» мамандығы бойынша (профессор Л. В. Раковтың сыныбы) бітірген.
2017 жылы Ереванда өткен ТМД елдері оркестрінің құрамында өнер көрсеткен. Щю Луо (Қытай), Эрик Хансен (АҚШ), Артём Чирков (Ресей), Джефф Брадетич (АҚШ), Клаус Трумпф (Германия) және Ринат Ибрагимов (Ұлыбритания) сынды танымал контрабасшылардың шеберлік сабақтарына қатысқан.
Марапаты:
* 2010 — Ішекті аспаптарда орындаушылардың X өңіраралық байқауының I жүлдегері (Магнитогорск).
2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінде контрабастар тобының әртісі болып жұмыс істейді.