Мысовский Леонид Евгеньевич
Симфониялық оркестр әртісі (альт)
1999–2007 жылдары Қарағанды қаласындағы облыстық балалар музыка мектебінде (UNESCO клубы) білім алған. 2010–2014 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде, 2014–2018 жылдары бакалавриат бағдарламасы бойынша, 2018–2020 жылдары осы университеттің магистратурасында оқыған.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты:
* 2013 жыл — Алматыда өткен республикалық байқаудың I жүлдегері;
* 2013 жыл — Магнитогорск қаласында өткен халықаралық байқаудың II жүлдегері;
* 2018 жыл — «Шабыт» халықаралық байқауының «Ішекті квартет» номинациясы бойынша Гран-при иегері;
* 2020 жыл — Санкт-Петербургте өткен Рудольф Баршай атындағы халықаралық байқаудың «Ішекті квартет» номинациясы бойынша II жүлдегері.
2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі.