Муратов Диас Габдуллаевич
Симфониялық оркестр әртісі (кларнет)
2002–2011 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алған. 2011–2015 жылдары университет колледжінде, 2015–2019 жылдары бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырған. 2019–2021 жылдары М. И. Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясының магистратурасында, ал 2021–2023 жылдары осы консерваторияда кларнет сыныбы бойынша ассистентура-стажировкада білім алған.
2014–2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясында жұмыс істеген.
2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі болып жұмыс істейді.