Курбанов Григорий Владимирович

Кларнеттер тобының концертмейстері

Қазақ ұлттық музыка академиясын кларнет сыныбы бойынша, доцент Ғани Исқақұлы Исмаиловтың класында тәмамдаған.

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты:

* 2002 жыл — Астанада өткен республикалық байқаудың I жүлдегері;
* 2003 жыл — Кемеровода өткен Ашық Сібір байқауының III жүлдегері;
* 2004 жыл — Волгоградта өткен «Симфония» V халықаралық байқауының «Ағаш үрмелі аспаптар» номинациясы бойынша I жүлдегері;
* 2005 жыл — II Ашық Мәскеу байқауының II жүлдегері;
* 2006 жыл — Астанада өткен «Шабыт» халықаралық байқауының III жүлдегері.

2005 жылы Бурабайда Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, профессор В. П. Безрученконың кларнет мамандығы бойынша жазғы академиялық курстарынан өткен.

2008–2013 жылдары Астана қаласының филармониялық үрмелі аспаптар оркестрінің концертмейстері, 2009–2013 жылдары Күләш Байсейітова атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры кларнеттер тобының реттеушісі болып жұмыс істеген. 2013–2019 жылдары «Астана Опера» театры оркестрінің әртісі болған. Қазіргі уақытта «Астана Балет» театры кларнеттер тобының концертмейстері.