Ким Евгений

Симфониялық оркестрдің фаготтар тобының концертмейстері

2003–2007 жылдары Ташкент мемлекеттік консерваториясында білім алған. 2006–2008 жылдары Берлиндегі Ханс Эйслер атындағы жоғары музыка мектебінде (Hochschule für Musik Hanns Eisler Berlin) оқуын жалғастырған.

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Карнеги-холл (Нью-Йорк, АҚШ), Sony Centre (Торонто, Канада) және Мариин театры (Санкт-Петербург, Ресей) сияқты белгілі концерттік сахналарда өнер көрсеткен. Бельгия, Франция, Нидерланд, Швейцария, Грекия және Италияны қоса алғанда, Еуропа елдеріндегі гастрольдік сапарларға қатысқан.

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының фаготтар тобының концертмейстері болып жұмыс істейді.