Кешильбаева Талшын Естайкызы
Бірінші скрипкалар тобының концертмейстері
2002–2014 жылдары А. Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында И. Л. Бардашованың сыныбында білім алған. 2014–2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде А. С. Дүйсенбаевтың сыныбы бойынша бакалавриатты, ал 2018–2020 жылдары магистратураны тәмамдаған.
2022–2024 жылдары Грузиядағы Цинандали халықаралық музыкалық фестиваліне Пан-Кавказ жастар оркестрінің құрамында қатысты. Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық студенттік симфониялық оркестрі құрамында Германия, Ресей, Чехия, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Испания және Түркияның жетекші концерттік алаңдарында өнер көрсетті. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ камералық оркестрінің құрамында Франция, Австрия, Түркия және Словакияда өнер көрсетті.
2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрында жұмыс істейді.