Карлашова Данагуль Аблайхановна

Симфониялық оркестр әртісі (альт)

1987–1994 жылдары Көкшетау музыкалық мектебінде, 1994–1998 жылдары Көкшетау өнер колледжінде білім алған. 1998–2002 жылдары Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқуын жалғастырған.

Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі.