Кабиев Бахтияр Серикбаевич

Оркестр әртісі (контрабастар)

2024 жылы Қазақ ұлттық өнер университетін «Контрабас» мамандығы бойынша (С. С. Даировтың сыныбы) тәмамдаған.

2019 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінде жұмыс істеген. ТМД елдерінің Жастар симфониялық оркестрімен гастрольдік сапарларға қатысқан.

Марапаттары:

* 2016 — «Рух» халықаралық байқау-фестивалінің I жүлдегері (Қарағанды).
* 2017 — Ахмет Жұбанов атындағы жас орындаушылар халықаралық байқауының II жүлдегері (Алматы).
* 2018 — «Астана-Мерей» XIV халықаралық байқауының II жүлдегері, Қ. Нарбеков атындағы арнайы диплом иегері (Астана).
* 2018 — «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша XXXIX республикалық байқаудың II жүлдегері (Астана).
* 2019 — Ахмет Жұбанов атындағы жас орындаушылар халықаралық байқауының III жүлдегері (Алматы).
* 2020 — «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша XLI республикалық байқаудың II жүлдегері (Астана).
* 2022 — «Шабыт» XXV халықаралық шығармашыл жастар байқау-фестивалінің I жүлдегері (Астана).

2023 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінде контрабастар тобының әртісі болып жұмыс істейді.