Есеберген Ескендір Ғаниұлы

Оркестр әртісі (контрабастар)

2017 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Аспаптық орындаушылық: ішекті аспаптар» мамандығы бойынша бакалавриатын (С. С. Даировтың сыныбы) тәмамдаған.

2018–2021 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінде контрабастар тобының әртісі болып жұмыс істеген. 2021–2022 жылдары Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінде қызмет атқарған. 2021 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінде де жұмыс істеген.

2022 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінде контрабастар тобының әртісі болып жұмыс істейді.

Марапаттары:

* 2022 — мәдениет пен өнерді дамытуға және «Қазақконцерттің» дамуына қосқан үлесі үшін А. Райымқұлованың алғыс хаты.
* 2023 — мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін А. Ораловтың алғыс хаты.