Еркінбек Томирис Еркінбекқызы

Гобойлар тобының концертмейстері

Қазақ ұлттық өнер университетін 2022 жылы үздік дипломмен тәмамдады. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Франция, Ресей және Германияның жетекші гобой орындаушыларының шеберлік сабақтарына қатысты.

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының гобойлар тобының концертмейстері қызметін атқарады.