Сарсембаев Эльдар

2008 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін (ұстаз Қосманов С.Ж. сыныбы) аяқтаған. 

2011 жылы Киль қ. (Германия) балет театрының құрамына қабылданып, мұнда солист  ретінде 2013 жылға дейін жұмыс істеді.

2013-2014 жж. театр маусымында Орыс Ұлттық балетінде жұмыс істеп, содан кейін, осы және өзге де труппаларда шақырылған солист ретінде қызмет атқарды. 

Репертуарында классикалық балеттердегі жеке және жетекші партиялар бар: Дон-Кихот (Базиль), Аққу көлі (Сайқымазақ), Ұйқыдағы ару (Дезире, Көк құс), Коппелия (Франц), Баядерка (Солор, Алтын Пұт), Корсар (Әли), Шерткіш (Ханзада, Тышқан королі), Үш апалы-сіңілі (Вершинин), Күлше қыз (Ханзада, Сайқымазақ), Жизель (тіркелмелі па-де-де), сонымен бірге Эсмеральда және Париж алауы балеттеріндегі концерттік орындаудағы па-де-де.

2019 жылдан “Астана Балет” Театрының труппасында

 

Репертуарда:

Махаббат туралы аңыз (Сайқымазақ) - хореограф Юрий Григорович.

Желтораңғы туралы аңыз (Ағаш отаушы) - хореограф Анвара Садықова

Бейбарыс Султан - хореограф Мукарам Авахри

Орфей мен Эвридика - хореограф Кристина Полин

Күлше қыз - хореограф Надежда Калинина 

 

Марапаттар:

“Өрлеу” (Алматы, 2008), “Шабыт” (Астана, 2010), Сочи (2010), Бейжің (2010) балет 

әртістерінің халықаралық конкурстарының Бас жүлде иегері

Астана (2010), Сеул (2013) қаласындағы конкурстардың Бірінші жүлде лауреаты;

Сеул (2007), Стамбұл (2008, 2012), Мәскеу (2009) конкурстарының Екінші және Үшінші 

жүлде, Киев (2011) конкурсының арнайы жүлде иегері.