Джуматов Нурисламбек Кабулулы

Виолончельдер тобының концертмейстері.

2020 жылы Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. Виолончель өнерінің көрнекті өкілдері Давид Герингас, Кирилл Родин, Сергей Ролдугин және Роберт Надидің шеберлік сабақтарына қатысқан. Орталық Азия халықаралық және Еуразиялық симфониялық оркестрлер құрамында Еуропа, Азия және АҚШ елдерінде гастрольдік сапарларда өнер көрсеткен.

2019 жылдан бастап «Астана Опера» оркестрінің әртісі. 
2021 жылдан бастап «Астана Балет» театры оркестрінің әртісі, ал 2022 жылдан бастап виолончельдер тобының концертмейстері.