Аружан Дуйсенбай

2022 жылы А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін (педагог К. С. Сарқытбаева сыныбы) бітірген.
2022 жылдан бастап «Астана Балет» театрының труппасында.

Репертуары:
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» - Георгий Ковтунның хореографиясы
«Щелкунчик» - Василий Вайноненнің хореографиясы
«Жібек жолы», «Тағдыр бұлтарыстары», «Махаббат тілі», «От қыз» - Мукарам Авахридің хореографиясы
«Орфей және Евридика» - Кристина Паулиннің хореографиясы
«Nine» - қоюшы Олжас Маханбеталиев
«Уақыт тұмандары» - Йисян Чжанның хореографиясы
«Сұлтан Бейбарыс» - Мукарам Авахридің режиссурасы
«Махаббат туралы аңыз» - Ариф Меліковтің балеті
«Ромео мен Джульетта» - Сергей Прокофьевтің балеті

Сондай-ақ репертуарында хореографиялық миниатюралар:
«Ақ жол», «Әсем қоңыр» - Айгүл Тәтидің хореографиясы
«Серілер салтанаты» - Анвара Садықованың хореографиясы