Дотаев Акежан Алькуатулы
Альттар тобының концертмейстері
2005–2014 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің мектебінде, 2014–2018 жылдары колледжінде, 2018–2022 жылдары бакалавриат бағдарламасы бойынша, 2022–2024 жылдары магистратурасында білім алған.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты:
* 2017 жыл — орындаушылардың XXXVIII республикалық байқауының I жүлдегері;
* 2017 жыл — Қазан қаласында өткен Рудольф Гуммерт атындағы байқаудың I жүлдегері;
* 2021 жыл — Ева, Иосиф және Семён Когандар атындағы халықаралық байқаудың «Ішекті квартет» номинациясы бойынша Гран-при иегері;
* 2021 жыл — «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауының «Ішекті квартет» номинациясы бойынша лауреаты;
* 2024 жыл — В. Т. Узбеков атындағы халықаралық байқаудың «Ішекті квартет» номинациясы бойынша I жүлдегері.
2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрында жұмыс істейді.