Дәуірбай Нұрислам Қуанышұлы
Валторналар тобының концертмейстері
2019 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін Ерлан Аманбекұлы Жәкеновтің сыныбында тәмамдады. 2022 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасына валторна мамандығы бойынша Қалқаман Бағдатұлы Дүйсембаевтың сыныбына оқуға түсті.
2017 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінде, 2021 жылдан бастап К. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының симфониялық оркестрінде жұмыс істеді. Сонымен қатар Қазақ ұлттық өнер университетінде оқытушы болып қызмет атқарады.
«Шабыт» конкурсының және Астана қаласында өткен 39-республикалық жас орындаушылар конкурсының I дәрежелі лауреаты. А. Жұбанов атындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар орындаушыларының халықаралық конкурсының Гран-при кубогының және Н. А. Римский-Корсаков атындағы халықаралық конкурстың Гран-при иегері. К. Байсейітова атындағы республикалық конкурстың, «Алые паруса» II халықаралық орындаушылық өнер конкурс-фестивалінің жеке және ансамбльдік номинацияларының, сондай-ақ «Щелкунчик» халықаралық сыйлығының I дәрежелі лауреаты.
2019 жылы Еділ бойындағы Жастар халықаралық симфониялық оркестрінің құрамында бірінші партияны орындады. 2023 жылы PCYO құрамында Цинандали фестиваліне қатысты. Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі құрамында АҚШ, Германия, Франция, Түркия және Австрияға гастрольдік сапарларға қатысты.
2022 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі.