Бурибаев Елмар Аскарович

К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатын виолончель класы бойынша (2013), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Опера-симфониялық дирижерлік ету» класы бойынша (2017), Дж.Верди атындағы Милан консерваториясының магистратурасын «Опера-симфониялық дирижерлік ету» мамандығы бойынша (2020) тамамдады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын аяқтады (2022).
Румыниядағы Халықаралық опера дирижерлері байқауының дипломанты (2016). Лондон, Берлин, Санкт-Петербор, Рим, Миланда тағылымдамадан өткен.
Италия және Румыния оркестрлерімен, сондай-ақ Қазақстан театрларының оркестрлерімен өнер көрсетті.
Опера дирижері ретінде 2022 жылы Луиджи Манчинелли (Италия) театрында Дж.Пуччинидің «Богема» операсымен дебют жасады.
2022 жылдан бері «Астана Балет» және «Астана Опера» театрларында жұмыс істейді, Ц.Кюидің «Етік киген мысық» операсының, В.А.Моцарттың музыкасына Иржи Килианның, Г.Малердің музыкасына Soli Deo Gloria, Р.Салимовтың «Қар патшайымы» және т.б. заманауи балет спектакльдерінің қоюшы дирижері болып табылады. Сондай-ақ осы театрлардың ағымдағы репертуары спектакльдерінде (Дж.Пуччинидің «Турандот», Г.Доницеттидің «Дон Паскуале», С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», Н.Римский-Корсаковтың «Шехеразада») және симфониялық концерттерінде дирижерлік етеді.