Бектемирова Маргарита Николаевна
Оркестр әртісі (гобой)
1999 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Алты жасынан бастап Қарағанды арнайы музыка мектебінде Ираида Моргунның сыныбында білім алды. 2015 жылдан бастап Новосібір арнайы музыка мектебінде Елена Макарованың сыныбында оқуын жалғастырды. Новосібірде КСРО халық әртісі, профессор Арнольд Кац атындағы стипендияға екі рет ие болды.
2018 жылдан бастап П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында Дмитрий Булгаков пен Ольга Томилованың сыныптарында білім алды. Вашингтон Барелла, Алексей Уткин, Филипп Нодель және басқа да танымал гобой орындаушылары мен педагогтердің шеберлік сабақтарына қатысты.
Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық конкурстың (2012, 2014), «Сібір музыкалық ассамблеялары» (2015) және И. И. Бобровский атындағы «Батыс — Сібір — Шығыс» (2018) конкурстарының лауреаты және дипломанты.
Дмитрий Юровский, Валерий Полянский және Владимир Федосеев басқарған оркестрлерде өнер көрсетті. Жеке орындаушы ретінде Новосібір академиялық симфониялық оркестрімен, Ресей академиялық оркестрімен және А. А. Юрлов атындағы Мемлекеттік академиялық хор капелласымен бірге өнер көрсетті.
2019 жылы Анатолий Левиннің жетекшілігімен Ресейдің Жастар симфониялық оркестрі құрамында «Классика OPEN FEST» және «Классика жағалауы» фестивальдеріне қатысты. Ресей қалаларында және шетелде камералық ансамбльдер құрамында өнер көрсетті. 2022 жылы Владимир қаласында Борис Андрианов жетекшілік еткен «Музыкалық экспедиция» фестиваліне қатысты.
2021 жылдан бастап Анатолий Абрамович Левин басқарған Концерттік симфониялық оркестрдің әртісі, 2022 жылдан бастап «Мәскеу классикалық ансамблінің» қатысушысы. 2023 жылдан бастап «Астана Балет» театрында жұмыс істейді.