Бауыржан Боранбаев
2012 жылы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін (педагог Медведев А. Н. сыныбы) аяқтады.
Оқып жүріп, 2011 жылы, Орыс-америкалық қор мен Үлкен театрдың Хореография академиясының бағдарламасы бойынша «Juilliard school» тағылымдамадан өтті.
2016 жылы – Челябі мемлекеттік педагогикалық университетін педагог-хореограф мамандығы бойынша аяқтады.
2012 - 2014 жылдары В.И.Гордеевтің жетекшілігіндегі "Орыс балеті" театрында және
В.В. Смирнова-Голованова басқаратын "Moscow Сity Ballet" труппасында жұмыс істеді.
2014 - 2019 жылдары "Astana Opera" Мемлекеттік опера және балет театрында жұмыс істеді.
Репертуарында мына балеттердің жетекші партиялары болған:
Аққу көлі (Жауыз Данышпан, па-де-труа), Ұйқыдағы ару (Көк Құс), Бақшасарай бұрқағы (бозбала), Шерткіш (француз қуыршағы, испан қуыршағы), Баядерка (Солордың достары), Жизель (қосарланған па-де-де).
2019 жылдан "Астана Балет" Театрының труппасында.
Репертуары:
Махаббат туралы аңыз (Фархаттың достары) – хореограф Юрий Григорович
Longing – хореограф Рикардо Амаранте
Instinct - хореограф Дэвид Джонатан
Желтораңғы туралы аңыз - хореограф Анвара Садыкова
Шерткіш - хореограф Василий Вайнонен
Күлше қыз - хореограф Надежда Калинина
Тағдыр бұлтарыстары (Перғауын, Сиқыршы) – хореограф Мукарам Авахри
Ромео мен Джульетта (Тибальд) – хореограф Владимир Яковлев
NINE (Қызыл) – хореограф Олжас Махамбетәлиев
Марапаттары:
ІІІ Халықаралық «Өрлеу» байқауының "Гран-При" иегері (2012)