Балжан Әбдірахманова
Солистка
2012 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Әшімова Г. А. сыныбы)
2016 жылы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын аяқтады (ұстаз-хореограф мамандығы бойынша бакалавр)
2012 жылдан «Астана Балет» театрының труппасында.
Репертуары:
Әлем (Самал) – хореограф Никита Дмитриевский;
Кармен (қара киген Кармен), Жусан, Ғашықтың тілі тілсіз тіл - хореограф Мукарам Авахри;
Клеопатра - хореограф Николай Маркелов;
Gaia, Diversity, Қиялға бойлау - хореограф Рикардо Амаранте;
Контраст - хореограф Рубен Терранова;
Серенада - хореограф Джордж Баланчин;
Щелкунчик (Маша) – хореограф Василий Вайнонен.
Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:
Қыз Жібектің қиялы, Жанасу - хореограф Мукарам Авахри;
Арулар, Әсем қоңыр - хореограф Айгүл Тәти;
Еліту - хореограф Николай Маркелов;
Жеті ару - хореограф Гүлжан Түткібаева.
Марапаттар:
«Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының арасындағы І Халықаралық байқаудың лауреаты (Алматы, Қазақстан, 2007 ж., 3 жүлде),
Хореографиялық оқу орындарының арасындағы VII Сібір халықаралық байқауының лауреаты (Новосібір, Ресей, 2007 ж., 2 жүлде).