Байгазинова Томирис Танатовна

Симфониялық оркестр әртісі (альт)

2007–2016 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінің мектебінде, 2016–2020 жылдары колледжінде, 2020–2024 жылдары университетінде білім алған.

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты:

* 2016 жыл — «Астана Мерей» республикалық байқауының II дәрежелі лауреаты;
* 2018 жыл — XXXIX республикалық байқаудың II жүлдегері;
* 2019 жыл — XL республикалық байқаудың I жүлдегері;
* 2019 жыл — «Шабыт» халықаралық байқауының II жүлдегері;
* 2023 жыл — С. О. Сырлыбаев атындағы халықаралық байқаудың «Ішекті квартет» номинациясы бойынша I жүлдегері;
* 2024 жыл — В. Т. Узбеков атындағы халықаралық байқаудың «Ішекті квартет» номинациясы бойынша I жүлдегері.

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі.