Багидуллаева Акнур Акимжановна

Симфониялық оркестр әртісі (виолончель)

2015 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясының мектеп-колледжін А. Е. Кульджанованың сыныбы бойынша тәмамдаған. 2015–2019 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде А. Т. Мұқановтың сыныбында білім алған.

Бенедетто Марчелло атындағы консерваторияның профессорлары Чечилия Франкини мен Элио Ореоның камералық ансамбль бойынша шеберлік сабақтарына қатысқан. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында квартет құрамында өнер көрсеткен.

Central Asian Youth Orchestra және Еуразиялық симфониялық оркестр құрамында Ресей, Германия, Чехия, Австрия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа да елдерге халықаралық гастрольдік сапарларға қатысқан.

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі болып жұмыс істейді.