Бақдәулет Біржан Ержанұлы

Симфониялық оркестр әртісі (туба)

2013–2017 жылдары Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеде білім алған. 2017–2021 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде бакалавриат, 2021–2023 жылдары магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

2018–2020 жылдары «Солистер академиясы» оркестрінде кітапханашы, 2019–2021 жылдары Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінде әртіс болып жұмыс істеген. 2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің әртісі.

Халықаралық және республикалық музыкалық байқаулардың лауреаты. Атап айтқанда:

* 2016 жыл — XXXVII Республикалық байқау, III орын;
* 2020 жыл — «Авис» I халықаралық музыкалық байқауы (Мәскеу), Гран-при;
* 2020 жыл — Должиков атындағы үрмелі аспаптарда орындаушылардың халықаралық байқауы, I орын;
* 2020 жыл — «Шабыт» XXIII халықаралық байқауы, II орын.