Азамат Жаңқабаев

2008 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін (ұстаз Қосманов С.Ж. сыныбы) аяқтады. Оқуды аяқтаған соң, Нью-Йорктегі Үлкен театрдың (АҚШ) жазғы мектебінде біліктілігін арттыру курсына шақырылды.

2008-2009 жылдары Мәскеу мемлекеттік хореография академиясында тағылымдамадан өтті.

2012 - 2016 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алды (хореография педагогикасы мамандығы бойынша бакалавр).

2009 - 2013 жылдары Абай атындағы МАОБТ труппасында, кейін, 2013 - 2019 жылдары – «Астана Опера» МОБТ труппасында жұмыс істеді. Репертуарында келесі балеттердегі жеке партиялар болған: Антико стиліндегі сюита Г.Түткібаева, Аққу көлі (pasdetrois), Ұйқыдағы ару (Көк құс) және Баядерка М.Петипа, Шерткіш және Спартак Ю.Григорович, Қызыл Жизель (Дос) Б.Эйфман және т.б.

2019 жылдан «Астана Балет» Театрының труппасында қызмет атқарады.

Репертуары:

Күлше қыз - хореограф Надежда Калинина;

Шерткіш - хореограф Василий Вайнонен;

Махаббат туралы аңыз - хореограф Юрий Григорович

Тағдыр бұлтарыстары - хореограф Мукарам Авахри

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – хореограф Георгий Ковтун

Репертуарында хореографиялық миниатюралар да бар:

Триумф - хореограф Айнур Абильгазина

Марапаттары:

Алматыдағы Өрлеу Халықаралық конкурсының II сыйлығының лауреаты, Қазақстан (2006 және 2008);

Сеулдегі Халықаралық балет әртістері конкурсының II сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Корея (2007);

Берлиндегі «Би олимпі» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты, Германия (2008)