Айнұр Сұлтанқожаева

Әртіс

2013 жылы А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Әшімова Г. А. сыныбы)

2016 жылы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын аяқтады (ұстаз-хореограф мамандығы бойынша бакалавр).

2012 жылдан «Астана Балет» театрының труппасында.

Репертуары:

Әлем (Самал) - хореограф Никита Дмитриевский;
Жусан (қалыңдық), Кармен (сары киген Кармен) - хореограф Мукарам Авахри;
Клеопатра - хореограф Николай Маркелов;
Серенада - хореограф Джордж Баланчин;
Щелкунчик - хореограф Василий Вайнонен.

Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:

Қуанамын - хореограф Анна Цой;
Қыз Жібектің қиялы, Скиф фрескалары, Нұрға бөлену, Айдар тағылғандар - хореограф Мукарам Авахри;
Арулар, Әсем қоңыр - хореограф Айгүл Тәти;
Инелік - хореограф Анна Павлова;

Марапаттар:

«Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының арасындағы халықаралық байқаудың лауреаты (Алматы, 2007 және 2009 жж., 1 және 3 жүлде),

Хореографиялық оқу орындарының Сібір халықаралық байқауының лауреаты (Новосібір, Ресей, 2007 және 2009 жж., 3 және 1 жүлде),

«Би олимпі» халықаралық байқауының лауреаты (Берлин, Германия, 2010 жыл, 3 жүлде).