Айнұр Әбілғазина

2003 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Воеводина О.Д. сыныбы)

2006 жылы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын аяқтады (ұстаз-хореограф мамандығы бойынша бакалавр)

Сол оқу орнында 2014 жылы өнертану магистрі дәрежесін алды (мамандығы: режиссер-хореограф). Балетмейстер ретінде Жалын құс, 2 сағат, Ішкі жаным, Балбал миниатюралары мен Меруерт іздеушілер операсының хореографиялық сахналарын қойды (Абай атындағы МАОБТ).

2014 жылы Academia di balle arti di Roma (Италия) режиссер мамандығы бойынша біліктілігін арттырды.

2003 және 2016 жылдар аралығында – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының және С.Радченко атындағы Орыс ұлттық театрының (Мәскеу, РФ) әуелі балет әртісі, кейін жетекші солисті.

Репертуарында мына спектакльдердегі жетекші партиялар бар:

Кармен-сюита (Кармен), Қызыл Жизель (Балерина), Анна Каренина (Кити), Бақшасарай бұрқағы (Зарема), Махаббат туралы аңыз (Мехмене-Бану), Шехерезада (Зобейда), Шопениана (мазурка), Сильфида (Сильфида, Эффи), Жизель (Мирта), Ұлы дала аңыздары (Косуля), Дон-Кихот (Көше бишісі), Баядерка (Гамзатти), Тілеп (Қарақұс), Antico мәнеріндегі сюита (ғашық жұптар).

2016 жылдан “Астана Балет” театрының труппасында.

Репертуарында:

Серенада (екінші солист), Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио - хореограф Джордж Баланчин

Жизель (Мирта), A fuego lento, Diversity, Love Fear Loss (екінші дуэт), Gaia, Қиялға бойлау - хореограф Рикардо Амаранте

Кармен (көктегі Кармен), Саломея (Саломея), Жусан (қалыңдық), Ғашықтың тілі тілсіз тіл - хореограф Мукарам Авахри

Әлем (Жан) - хореограф Никита Дмитриевский

Контраст – хореограф Рубен Терранова

Махаббат туралы аңыз (Менхменэ Бану) - хореограф Юрий Григорович

Күлше қыз - хореограф Надежда Калинина

A Journey of a memory - хореограф Раймондо Ребек

Желтораңғы туралы аңыз - хореограф Анвара Садыкова

Жолдан тайғандар - хореограф Иржи Килиан

Орфей мен Эвридика (Эвридика) - хореограф Кристина Полин

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу (Баян Сұлу) – хореограф Георгий Ковтун

Триумф (Соло) – хореограф Айнұр Әбілғазина

Кармен-сюита (Кармен) – хореограф Альберто Алонсо

«Триумф», «Soli Deo Gloria» балеттерінің авторы

Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:

Еліту - хореограф Николай Маркелов

Тұтылу - хореограф Мукарам Авахри

«Спартак» балетінен адажио – хореограф Георгий Ковтун

Марапаттары:

«Жыл балеринасы» аталымы бойынша Ұмай-2022 ұлттық сыйлығының иегері