Диана Аскарова Аянкызы

Оркестр әртісі (флейта)

2020 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледжді Нина Михайловна Григорьеваның сыныбында үздік дипломмен тәмамдаған.

2019 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасына «Флейта» мамандығы бойынша Нина Михайловна Григорьеваның сыныбына оқуға түскен.

2019–2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінде әртіс болып жұмыс істеген.

2021 жылдан бастап «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінде оркестр әртісі болып жұмыс істейді.

2022 жылы Италияның Пезаро қаласындағы Джоаккино Россини атындағы консерваторияда білім алған.

Александр Голышев, Ли Зи-Енг, Балжан Сапарова және Николай Попов сынды халықаралық байқаулардың лауреаттары, профессорлар мен еңбек сіңірген әртістердің шеберлік сабақтарына қатысқан.

2020 жылы ансамбль құрамында дирижёр Фёдор Леднёвтің жетекшілігімен заманауи композитор Михалис Параскакистің «SKOSTOK» шығармасының премьерасына қатысқан.

Марапаттары:

* «Астана-Мерей» XIII халықаралық жас орындаушылар байқауының I дәрежелі лауреаты (Астана).
* The Art of Wind and Percussion халықаралық байқауының I дәрежелі лауреаты (Лондон).
* «Sforzando» үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылар халықаралық байқауының Гран-при иегері (Қазан).
* XXXIX республикалық жас орындаушылар байқауының II дәрежелі лауреаты (Астана).
* «Шабыт» XXI халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің III дәрежелі лауреаты (Астана).
* Ю. Н. Должиков атындағы халықаралық байқаудың I дәрежелі лауреаты (Астана).
* «Жібек жолы» халықаралық байқау-фестивалінің Гран-при иегері (Павлодар).
* Grand Music Art IX халықаралық музыканттар байқауының I дәрежелі лауреаты (Мәскеу).
* «Мұра» халықаралық байқауының Гран-при иегері (Прага).
* «Северная рапсодия» үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылар халықаралық байқауының II дәрежелі лауреаты (Череповец).
* Р. М. Глиэр атындағы IV халықаралық «Глиэровская осень» байқауының Гран-при иегері (Мәскеу).
* «Академия Должикова» үрмелі аспаптарда орындаушылар IV халықаралық байқау-фестивалінің II дәрежелі лауреаты (Мәскеу).
* Goodwin Art III халықаралық байқауының I дәрежелі лауреаты (Мәскеу).
* «Шабыт» XXIII халықаралық шығармашыл жастар байқауының II дәрежелі лауреаты.
* Talents of the 21st Century халықаралық байқауының I дәрежелі лауреаты (Варна).
* «Территория успеха» II халықаралық орындаушылық өнер байқау-фестивалінің I дәрежелі лауреаты (Санкт-Петербург, 2021).
* «Мечтай с Музыкантофф» халықаралық байқауының Гран-при иегері (Мәскеу).
* «Алые паруса» II халықаралық орындаушылық өнер байқау-фестивалінің II дәрежелі лауреаты (Санкт-Петербург).
* Ise-Shima халықаралық орындаушылар байқауының арнайы жүлдесінің иегері (Жапония).
* «Революция искусств» халықаралық байқауының I дәрежелі лауреаты (Санкт-Петербург).
* «Алые паруса» II халықаралық орындаушылық өнер байқау-фестивалінің «Ансамбль» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреаты (Санкт-Петербург).
* «Щелкунчик» халықаралық сыйлығының I дәрежелі лауреаты (Санкт-Петербург).
* М. М. Вернер атындағы өңіраралық Бүкілсібір өнер байқауының II дәрежелі лауреаты.