Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Үрмелі аспаптар (тромбон)», кейін «Опералық-симфониялық дирижерлеу» (профессор Т.А.Әбдірашевтің сыныбы) мамандықтары бойынша ассистентура-тағылымдамадан өтті.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінде (МАСО), Абай атындағы МАОБТ симфониялық оркестрінде аспапта ойнаушы болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап Абай атындағы МАОБТ дирижері, ҚР МАСО бас дирижері Ваг Папянның ассистенті.
2010 жылдан – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы опералық студиясының оқытушысы. 2014 жылдан – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының дирижері. 2021 жылдан Новосібір опера және балет театрының (НОБТ) шақырылған дирижері.
А.Оразғалиевтің репертуарында Дж.Верди, П.Чайковский, Р.Вагнер, Г.Доницетти, В.Беллини, Дж.Пуччини, М.Төлебаев, Е.Брусиловскийдің опералары; П.Чайковский, А.Адан, Л.Минкус, С.Прокофьев, Н.Римский-Корсаков, И.Стравинский, Х.Левенсхольд, А.Серкебаевтың балеттері, сонымен қатар, И.Штраус, Ғ.Жұбанова және т.б. музыкасына қойылған балет спектакльдері бар.
А.Оразғалиев – М.Жаррдың «Париж Құдай анасының шіркеуі», Л.Минкустың «Баядерка» және «Дон Кихот», Ж.Массне музыкасына қойылған «Манон», П.Чайковскийдің «Аққу көлі» және Б.Асафьевтің жаңа редакциядағы «Бақшасарай бұрқағы», А.Аданның «Корсар» және «Жизель», Л.Делибтің «Коппелия» балеттерінің; А.Райымқұлова музыкасына К.Зверева қойған «Заман тынысы» («Sounds of Time»), Ф.Шопен музыкасына М.Фокин қойған «Шопениана» мен Н.Римский-Корсаков музыкасына қойылған «Шахризада» бір бөлімді балеттерінің қоюшы дирижері.
2017 жылдан «Астана Балет» Театрында жұмыс істейді. «Щелкунчик», «Махаббат туралы аңыз», «Күлше қыз», «Қиялға бойлау», «Серенада», «Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио» балеттерінің қоюшы-дирижері. 2021 жылдан – «Астана Балет» Театрының бас дирижері.