Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Жиенқұлова атындағы Бірінші республикалық қазақ биі байқауының лауреаты
Алматы хореография училищесі мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын аяқтады. Еңбек жолын «Қазақконцерт» Мемлекеттік гастрольді-концерт бірлестігінде бастады. «Алтынай» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жанындағы «Сазген» ансамблінің солисті болған.
А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтынында дәріс берді. Қазақ биін үйретудің оқу-әдістемелік құралының авторы.
Республика көлемінде қазақ биін қоюшылардың үздігі болғандықтан, Абай атындағы МОБТ және К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсына бірқатар би қойған.
«Астана Балет» театрына арнап «Өрнектер, «Нұр шашу», «Шаттық», «Қыз қиялы», «Жан әні», «Әсем қоңыр», «Арулар», «Қыз қайың» және басқа да хореографиялық миниатюралар қойған.
2012 жылдан Театрда қызмет етіп келеді.