Қадырова Майра Шафкатқызы

Ұстаз-репетитор

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері

Мәскеу академиялық хореография училищесі, Қыздар педагогика институты. Еңбек жолын Абай атындағы МАОБТ бастаған. 1976 - 1997 жылдар аралығында – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының прима-балеринасы. Мына балеттерде жетекші партияларды орындаған: «Аққу көлі» – Одетта, Одиллия; «Ұйқыдағы ару» – Аврора; «Шерткіш» – Маша; «Спартак» – Эгина; «Жизель» – Жизель; «Дон-Кихот» – Китри; «Сильфида» – Сильфида; «Бақшасарай бұрқағы» – Зарема; «Франческо да Ремини» – Фарнческо; «Раймонда» – Раймонда; «Фрескалар» – Шамхат; «Қаракөз» – Қаракоз және т.б.

1998 - 2015 жылдар аралығында А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде академиялық биден дәріс берген. 2004 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы. 2007 жылы «Artist Home Village» (Жапония) Балет мектебінде қызмет атқарды. 2007 - 2015 жылдары А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің көркемдік жетекшісі.

2015 жылдан Театрда қызмет етіп келеді.