1996-2007 жылдары Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта арнайы мектеп-интернатта виолончель сыныбы бойынша білім алды. 2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «аспапта орындау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан камератасы» РМҚК оркестрінің әртісі болып бастаған. 2015-2016 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің әртісі болып жұмыс істеді. Кейіннен оркестр инспекторы, гастрольдік-концерттік қызметтің жетекшісі (2016-2018), филармония директорының орынбасары, ал 2018-2019 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры директорының Менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2020 жылдан – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры.
2021 жылдан – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры.
2022 жылдан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының директоры.
2023 жылдан – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры.
2025 жылғы 9-маусымнан – «Астана Балет» театрының директоры.