Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі
Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
«Би жаны» сыйлығының лауреаты
А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін «балет әртісі» мамандығы бойынша және Н. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясын (Академия) «ұстаз-балетмейстер» мамандығы бойынша аяқтады.
1992-1996 жж. – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті (Алматы).
1996-2018 жж. – Мұса Жәлел атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисті.
2018-2021 жж. – Қазақ ұлттық хореография академиясының деканы.
2021 жылдан – «Астана Балет» Театрының көркемдік жетекшісі.
Мұса Жәлел атындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында мына спектакльдердегі партияларды орындады: П.Чайковский «Аққу көлі» (Зигфрид ханзада), А.Адан «Жизель» (Альберт граф), П.Чайковский «Ұйқыдағы ару» (Дезире ханзада), С.Прокофьев «Ромео мен Джульетта» (Ромео), Л.Герольд «Бос әурешілік» (Колен), В.Гаврилин «Анюта» (Студент), Ж.Бизе - Р.Щедрин «Кармен-сюита» (Хозе), А.Адан «Корсар» (Исаак Ланкедем), Л.Минкус «Баядерка» (Солор), Л.Делиб «Коппелия» (Франц), А.Хачатурян «Спартак» (Красс), «Жүсіп жайлы әпсана» (Жүсіп), «Камелия ұстаған әйел» (Арман), «Алтын Орда» (Уәзір), «Carmina Burana немесе Тағдыр дөңгелегі» (Жігіт), «Эсмеральда» (Клод Фролло) және т.б. Жыл сайын өтетін Рудольф Нуриев атындағы Классикалық балет халықаралық фестивальдерінің қатысушысы.
Н.И.Канетов «Қазіргі мәдениет диалогы жағдайында ұлттық эпос дәстүрін дамытқаны үшін» Ресей Федерациясының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Сыйлық «Жүсіп жайлы әпсана» балетіндегі жетекші партиясы үшін берілген.