Өнер магистрі, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Францияда RickOdums атындағы Париж кәсіби білім институтында модерн би, классикалық би, джаз модерн, contemporary техникасы бойынша тағылымдамадан өтті. Марта Грэм мектебінің техникасы бойынша модерн бидің ұстазы деген сертификаты бар.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында аға оқытушы қызметін атқарып, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде заманауи хореография бойынша ұстаздық еткен. «Самұрық» заманауи балет труппасының солисті. Келесі спектакльдер мен заманауи билердің жетекші партияларын орындаған: «Аранхуэс концерті», «Жезтырнақ», «Таз әнші», «Күз», «Өрмекшілер», «Арғы жақта», «Үш түс» «Махаббат иллюзиясы», «Сөзсіз», «Тамашала», «Сызбалар», «Куб ішінде», «Біздің заман адамдары» және т.б.
Келесі пластикалық-драмалық спектакльдердің режиссер-хореографы: Ұшқын Жамалбектің музыкасына қойылған «Рух. Жер бетінде» спектаклі (ХХIV Республикалық драмалық спектакльдер фестивалінде «Драмалық спектакльдің үздік пластикалық шешімі» дипломымен марапатталды),
«Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы «Жыр Жолбарыс» (Жамбыл) спектаклі, «Астана мюзикл» театрындағы «Шаңырақ» және өзге де спектакльдер.