18/10/2018

Театрдың жаңа мерейтойлық маусымындағы тұсаукесер спектаклінің қойылатын күні белгілі болды

Қарашаның 2-3 күндері АҚШ әйгілі хореографы Николо Фонте италиялық композитор Эцио Боссоның музыкасына неоклассика мәнерінде қойылған «Махаббаттың ғайып болған дарабоздары» («Love’s Lost Idols») спектаклін «Астана Балет» театрының көрермендеріне тарту етпекші.

Театрдың бесінші маусымындағы «Махаббаттың ғайып болған дарабоздары» атты қойылымы, хореогарфтың «Бәрі өткінші екенін іле тұрып, қалайша өмірге деген қызығушылықтан, сезімнен арылмайсың?» деген сынды фәлсәфалық сұраққа өз жауабын бергендей. Көркем, экстремальды би тілінің арқасында бишілер сахнада өмірдің бір сәтін суреттеп, көрерменге «Қимылда, әрекет ет. Керегі сол ғана», - деп тұрғандай.

Хореографтың ойынша, Эцио Боссо музыкасы «болымсыз» қараңғылыққа ие, ол ішкі сәулеге ұқсас. Бұл сәуле азат болуға асық. Сондықтан, қабырғадағы кез-келген саңылаудан қылаң береді.

«Хореографиясы күрделі. Алайда, онымен жұмыс істеген қызықты. Көрерменге, хореография тілімен өмірдің сәті не екенін жеткізбекшіміз. Дүние өзгере бермек, алайда, адам баласы дәл осы сәтте, дәл осы жерде ғұмыр кешеді ғой. Өмірдің мәні де осында. Онымен жұмыс істеу қызықты, бәрін ұғынықты етіп көрсетеді, эмоциясы тасып тұратын балетмейстер екен. Әртістермен бірден тіл табысып кетті, жұмыс қызу жүріп жатыр», - дейді, театрдың жетекші солисті Айжан Мұқатова.Николо Фонтені АҚШ пен Еуропада батыл жаңашыл ретінде таниды. Сыншылардың сипаттауынша – Николо Фонте қойылымдарына экспрессия мен қызықты сюжеттер тән. Сонымен қатар, оның қойылымдарының пластикалық тілі, идея, би мен дизайнның синтезіне ерекше көңіл бөлінеді.

Ол Бруклинде (Нью-Йорк) дүниеге келді. Классикалық биді Джоффи балет студиясында бастаған. Монреаль мен Мадрид театрларында биші ретінде ысылды. Мадридте оның балетмейстер ретіндегі айнымас қолтаңбасы танылды. Бұл - «In hidden seconds» / «Көзден ұшқан сәт» балеті жыл құбылысына айналды. 2000 жылы ол таза хореограф жолын таңдайды. Сол кезден бері балетмейстер Дания корольдік балеті, Голландия ұлттық балеті, Хьюстон, Пенсильвания, Штутгард балеті, Фландрия корольдік балеті мен Австралия балеті сынды театрларға қойылым қойып, таныла бастады.

Анықтама есебінде: театр труппасы балетмейстермен алғаш Нью-Йоркте, былтырғы гастроль кезінде кездескен. Ұжымның бағдарламасын тамашалаған соң, Фонте бишілердің кәсіби біліктілігін ерекше атап,. Жалпы, театр қойылымының жоғары деңгейін сөз еткен. Кейін астаналық театрға арнайы шығарылған бірегей туынды жайлы ой туады. Бұл кез-келген ұжымның басына қона бермейтін бақ.