Airy Tango Night

«Airy Tango Night». Winds of Astana Ballet. Танго – іскерлік қаланың музыка мен би арқылы өрнектелген жаны мен құштарлығы. Елордалық театрдың төрінде тангоның қызықты, атмосфералық музыкасы салтанат құрады. Сіздерді «Астана Балет» театры симфониялық оркестрінің әртістері алғаш рет орындаған «Airy Tango Night» бірегей концертінде керемет музыкалық саяхат жасап, көңіл-күй мен албырт сезім әлеміне шомуға шақырамыз. Осы концерт үшін таңдалған композициялардың әрқайсысында қарымды әрі эмоционалды орындау арқылы көрерменге жеткізілетін ерекше музыкалық түстер бар. Кеш бағдарламасы: S. Kompanek «Killer Tango»; A. Piazzolla «Maria de Buenos Aires»; J. Medaglia «Belle Epoque in Sud America»; G. Beeftink «Birds»; O. Baadsvik «Tango» және басқа да туындылар. Осы кеште кәсіби музыканттардың орындауындағы әдемі музыка әлеміне еніп, ғажайып күй кешіп, ерекше сезімге бөленесіз!