«Soli Deo Gloria» және «Nine» неоклассикалық балеттері

 Бір актілі балеттер кеші: «Soli Deo Gloria» және «Nine» неоклассикалық балеттері 

«Soli Deo Gloria»

хореографиялық миниатюра

 

 Музыка – Густав Малер

Қоюшы-балетмейстер – Айнұр Әбілғазина

Қойылымның музыкалық жетекшісі, дирижер – Элмар Бурибаев

Суретші-сценограф – Жандос Омаров

Костюм суретшісі – Дариға Тайшықова

Жарық суретшісі – Роберт Даутов

Бейнесуретші – Марат Сағадинов

 

Балет туралы

«Soli Deo Gloria» неоклассикалық балеті басты кейіпкердің көңіл-күйі мен сезімін суреттейді.

Жұмыр жердегі бейнесімен қош айтысқан соң, адам жаны бір кездері қол үзіп қалған сүйіктілерімен, жақындарымен қайта қауышатын Кеңістікке қадам басады. Өткен шақ пен қазіргі шақ тұтасып кеткен Кеңістікте біз санамызға ерекше әсер еткен оқиғаларды көре аламыз. Бас кейіпкер өз өмірінің сан сатысындағы үзік сырларына үңіліп, махаббат сынды сан қырлы сезім сыйлайтын түрлі көңіл-күй өрнектерімен өрілген, сол бір шақтағы тылсым күйін қайта кешеді.

 

 

«Nine»

хореографиялық миниатюра

 

Музыка – Лиза Джеррард

Қоюшы-балетмейстер – Олжас Маханбеталиев

Суретші-сценограф – Жандос Омаров

Костюм суретшісі Дариға Тайшықова

Жарық суретшісі – Алексей Марков

Бейнесуретші – Марат Сағадинов

 

 

Балет туралы

Олжас Маханбетәлиев «Nine» спектаклін Лиза Джеррардтың музыкасына қойған. Бұл балеттің хореографиялық тіні бірнеше би бағыттарының синтезінен тізілген.

Өмір мен дүниенің негізі – тоғыз планетадан тұратын Күн жүйесі. Осы әлем мен адам баласы жаратылғалы бері сандар да пайда болған: планеталар саны, адам саны, осы күнге дейін шешімі табылмаған Фибоначчи тізбегі, - біз өмір бойы сандармен ұшырасып жатамыз.

«Nine» балетінде бір көлікте отырған тоғыз түрлі адам, тоғыз дүлей күш тәрізді, өмір жолымен кетіп бара жатқан қоғам үлгісін паш етеді. Өмір жолымызда біз жарқын сәттерді жинақтап, жадымызда сақтап келеміз де, өміріміздің соңында бір-ақ сәтте осы көңіл-күйдің бәрін ой елегінен қайта өткіземіз.

Сонымен қатар, бұл туындыда қарама-қайшылықтардың байланысы да көтеріледі: инь және ян, жарық пен түнекті бір-бірінсіз елестету мүмкін емес.