«Бір актілі балеттер кеші» театрының сахнасында

Longing

Бір актілі балет


Музыка – Астор Пьяццолла, Пабло Циглер
Хореограф – Рикардо Амаранте
Костюмдер – Паула Роза Сантана
Жарық – Роберт Даутов

Әр сезімнің астарында ынтықтық, иеленуге құштарлық немесе әлдебір оқиғаны жүзеге асыруға деген ұмтылыс жатыр. Түсіңізде не өңіңізде адам кейпінде я болмаса періште кейпінде пайда болған, жаныңыз құштар әйел немесе ер адам жайлы мұң. Өмір мен махаббаттан, екеуара қарым-қатынастан біз, шын мәнінде, не қалаймыз? Неліктен көпшілігіміз сыңарымызды іздеуге емес, тек жақындасуға ғана құштармыз?

Премьера - 30.10.2020 жылы, Астана Балет театры, Нұр-Сұлтан

Балет ұзақтығы 24 минут

A Fuego Lento

Бір актілі балет

Музыка – Л. Шифрин, А. Пьяццолла, К. Гардель, С. Косуги
Идея, хореография мен костюмдер – Рикардо Амаранте

Махаббат сезіміне алғаш еліткен тұста бойыңызды үрей билеп, түрлі күйге бөленесіз. Қуаныш сезімі тәніңізді жаулап, құштарлық сезімі ішіңізде жалындай лаулайды.
"A Fuego Lento" – сезімтал танго биінің ырғағымен әуелеген, ынтық сезімге толы сахналар.

Премьера 2016 жылғы 5-қазан, «Бунка Кайкан» театры, Токио, Япония
Балет ұзақтығы 26 минут

Құрметті көрермен!

Коронавирустың таралуын азайту әрі Сіздің театрға келуіңізді мейлінше қауіпсіз ету мақсатында, театрға кірерде Ashyq мобильді қосымшасы қолданылатынын ескертеміз. 

Ол үшін:

1. App store немесе Google play арқылы Ashyq мобильді қосымшасын жүктеу керек.

2. Телефон нөмері арқылы авторизациядан өту керек.

3. Театрға кіру\шығуды нақтылау үшін «Келуді тіркеу» нүктесін басыңыз.

4. Театрдың кіреберісінде орнатылған QR-кодты телефон арқылы сканерлеп алыңыз.

5. Экранға шыққан мәліметті Театр қызметкеріне көрсету қажет.

Билетті сатып алу Билетті сатып алу