Ұлттық хореография кеші

Жас шектеуі: 5+. *Егер балаңыздың жасы бесте не одан үлкен болса, оған жеке билет алу керек

Қосымша: *Маңызды! 65 жастан асқан көрермендерге көпшілік орынға баруға шектеу қойылғанын ескеруіңізді сұраймыз

Кеш бағдарламасында театрымызды әйгілеп тұрған, барлық гастрольдік сапарларда міндетті түрде көрсетілетін "Ұлы Дала мұрасы" концерттік бағдарламасы көрсетіледі. Көрермен назарына отандық хореограф, еліміздегі қазақ биін қоюшылардың көш басында тұрған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хореограф Айгүл Тәтидің туындылары тарту етіледі. Концерттік бағдарламада этнографиялық элементтер мен заманауи хореографиялық шешімдер, жарқын бейнелер мен қызықты хореография үйлесім тапқан.
Кеш барысында "Ғажайып табиғат" хореографиялық миниатюрасының премьерасы өтеді. Һассақ эно-фольклорлы музыкасына қойылған бұл туындысында Айгүл Тәти табиғат тақырыбын өзек еткен. Абайдың тұмса табиғат жайлы өлеңдерінен шабыт алған хореограф әр жыл мезгіліне тән
құбылыстарды би тілімен өрнектейді.


Көрермен назарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахридің Қуат Шілдебаев, Сергей Рахманинов, Авроя Пярт және Карл Дженкинс музыкасына қойған "Жусан" бір актілі балеті де ұсынылады.

Қуат Шілдебаев, Сергей Рахманинов, Арво Пярт және Карл Дженкинстің музыкасына қойылған жеті көріністі, прологы бар «Жусан» бір актілі балетінің кейіпкерлерімен бірге бақытты және қасіретті оқиғаларды бастан өткере аласыз. Спектакль негізіне – дала халқы жайлы аңыздар мен мифтер алынып, оның бейнесі би өрнегімен өріледі. Ұлттық және классикалық музыка, жарық әсерлері мен бейнеинсталляция үндестік тапқан, қайталанбас хореография аңыз-әпсаналарға толы, кең-байтақ Сарыарқаға саяхат құруға шақырады. Отандық хореографиядағы өте сәтті шыққан туындылардың бірі – «Жусан» балеті көрермен қауымды осындай ерекше күйге бөлейді.

Билетті сатып алу Билетті сатып алу