«Театр шымылдығы түрілсе...» атты экскурсия

«Театр шымылдығы түрілсе...» атты экскурсия театр өнерін жан-тәнімен сүйетін жандарға сахна сыртындағы тыныс-тіршіліктен хабар береді. Әртістерге грим салушы кімдер, спектакльдерге арналған әсем костюмдерді кім тігеді, әртістер репетиция жүргізіп, шеберлігін шыңдайтын орын қайсы сынды сұрақтар мазаласа, «Астана Балет» театрының тың жобасының арқасында оның жауабын таба аласыз.

Театрға кіреберістен-ақ, меймандар бейне бір өзге әлемге аяқ басқандай күй кешеді. Бұл әлемнің өз дәстүрі мен ережелері бар. Қосымша кәсібі өнертанушы, ал, өмір жолында – балерина мамандығын таңдағандар балет өнері жайлы баяндап беріп ғана қоймай, үлкен сахнаның сыртындағы тылсым дүниені паш етпек.

Бұл экскурсияның тағы бір ерекшелігі, театр репертуарындағы балеттің үзіндісін тамашалау мүмкіндігі бар. Көрермен қауым әдемі дуэттер мен жеке орындаушылардың өнерін тамашалап, «Астана Балет» театры әртістерінің әлеуетін бағамдай алмақ.

Ескерту: Балетті таңдау – театр еншісінде.

Билетті сатып алу Билетті сатып алу