«Султан Бейбарс» Astana Ballet Алматыда

Гастрольдерді өткізу орны : Almaty Theatre, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби 30

Музыка: Хамит Шаңғалиев пен Әлибек Әлпиев

Либретто: Бақыт Қайырбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-хореограф: Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-хореографтың ассистенті: Айжан Жүнісова

Қоюшы-суретші: Леонид Басин

Костюм суретшісі: Ася Соловьева

Жарық суретшісі: Арсения Сафиуллина

 

Балет спектаклінің негізіне «Әбіл-Футух» («Жеңіс атасы») және «Рукн-ад-дин» («Сенім сүйеніші») атанып кеткен Бейбарыс сұлтан жайлы аңыз алынған. Қарама-қайшылыққа толы, ғажайып ғұмыр иесі құл есебіндегі сарбаз мәмлүктен ХIII ғасырдағы Таяу Шығыстың алып мемлекетінің әміршісіне дейінгі өмір соқпақтарынан өтті. Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген, ортағасырлық Мысырдың ұлы әміршісі Бірінші Бейбарыс әлем тарихына моңғол әскерін ойсырата жеңген ұлы қолбасшы ретінде енген. Бейбарыс сұлтанның өмірбаянына байланысты талай аңыз-әңгімелердің бірнеше нұсқасы болғанымен, бәріне ортақ бір дүние бар: ол өмір бойы өзінің тарихи Отаны – қыпшақ даласына деген сүйіспеншілікті жанына медеу етіп өткен.

Осындай орасан оқиғаларға толы ауқымды қойылымды безендіруде көпшілік сахналар мен жарқын костюмдер қолданылды. Ал, қиял-ғажайып мистика элементтері бар көркемдік құралдардың күшімен сахнадағы оқиғаның әсері еселей түседі.

 

«Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры» Жеке қорының қолдауымен

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы

Әлеуметтік серіктес: «SAMRUK-KAZYNA TRUST» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры