"Астана Балет" симфониялық оркестрінің "Есімдер" атты концерті

Кеш бағдарламасы:

Д. Шостакович. «Мерекелік увертюра»
Ғажайып партитура, бейнелеу құралдарының ықшамдылығы әрі дәлдігі адуын болмыс және жылдам ырғақпен үйлесім тауып, тыңдарман жадында әлемдік музыка классикасының жауһарларын жаңғыртады.

П.Чайковский. Фортепиано мен оркестрге арналған № 1 концерт b-moll
Солист – Қазақстанның халық әртісі Жания Әубәкірова.

Мәдениет және білім беру саласындағы қайраткерлік қызметі үшін Жания Әубәкірова көптеген ұлттық және халықаралық атақтармен марапатталды: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Бейбітшілік пен прогресс мемлекеттік сыйлығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Францияның өнер және әдебиет саласындағы Орденінің кавалері, Еуропалық өнер униясы сыйлығының иегері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Қазақстан мен Ресей арасында достықты бекіткені үшін» Ұлы Екатерина ІІ орденінің кавалері, «Польша Республикасының мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін» ордені, «Еңбегі үшін алтын крест» Польша Республикасы Президентінің ордені.

П.Чайковский. № 4 симфония F-moll
Чайковскийдің шығармашылық қызметіне ауқымдылық пен симфониялық көлемділік тән. Оның бай мұрасы әлемдік музыка өнеріндегі тың құбылысқа айналды. Осы концертте орындалатын шығармаларында лирикалық сарын, қанық бояу мен сан-құлаш әуезділік аңғарылады.

Орындаушылар арасындағы ерекше сұраныстан бөлек, бұл шығармалар көпшілік көрерменнің жүрегін баурап әкетіп, ғасырға жуық уақыт дүниежүзі тыңдармандарының сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Осындай кемел композиторлардың ғұмыры уақытқа бағынбайды. Олардың өнері біздің игілігімізге айналды.