«Орфей мен Эвридика» бір актілі балетінің әлемдік премьерасы

Өтетін орны: Astana Ballet (Астана Балет)

Премьера: 2022 жылғы 5-6, 8-9 шілде.

Қоюшы-балетмейстер: Кристина Полин, Германия

Сценография: Отто Бубеничек, Германия

Музыка: Сергей Прокофьев, Эдуард Уильям Элгар, Георг Фридрих Гендель, Дэвидсон Джаконелло

Костюм суретшісі: Деннис Пешке, Германия

Жас шектеуі: +7* Балаңызды жасы жетіде не одан үлкен болса, оған бөлек билет сатып алу керек

«Орфей мен Эвридика» бір актілі балетінің әлемдік премьерасы

 

«Кейде тірілердің ортасында өзіңді өлі сезінесің, себебі, олардың арасында саған жан бітіретін тірі жан жоқ». Қоюшы-хореограф Кристина Полин.

 

"Астана Балет" Театрының сахнасында Ежелгі Грекия мифінің интерпретациясы ұсынылады. Неоклассика мәнерінде қойылатын балеттің модерн белгілері де бар. Балет сюжеті сүйіктісі Эвридикадан көз жазып қалған Орфей жайлы оқиғаға сүйенген. Осы қасіретті махаббат жайлы оқиға ерте заманнан бері суреткерлердің ой-санасына қозғау салып келеді. 

Қоюшы-хореограф ұсынған нұсқаның соңы қасіретті. Ол суреттеген Орфей – жазушы, ал, ғашығы Эвридика – шабыт сыйлар музасы. Бұл балетте хореограф өмірдің мәні жайлы фәлсәфалық сұрақтарға жауап іздеп, махаббат пен адам жанының мәңгілігі жайлы толғанып, махаббат пен өнердің асыл күшін әспеттейді. Қойылым ретроспективадан басталады: монастырьде отырған Орфей марқұм Эвридикамен қайта қауышуды армандайды. Жақыныңнан қол үзу, одан айырылып қалу мәселесі әр көрерменнің жүрегіне қозғау салары даусыз.

Сахна костюмдерінде осы мифтің символикасы көрініс тауып, сценографияда тауға ұқсайтын геометриялық бейнелер қолданылады. Сахнадағы көрініс көрерменнің көңілін баурап әкетіп, мың бұралған бишілер ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.

Осы кеш бағдарламасында, сонымен қатар, «Жолдан тайғандар» хореографиялық миниатюрасы да көрсетіледі

Чех хореографы Иржи Килианның "Ақ-қа түсті балеттер" бағдарламасына енген үздік туынды отыз жылдан астам уақыт бойы дүниежүзінің әйгілі сахналарында қойылып келеді. Әйгілі театрлар Килиан спектакльдерін репертуарына енгізуге асық, ал, әр биші оның хореографиясын орындауды армандайды.

Иржи Килиан хореографиясы мен Стивен Райхтың дауылпаз композициясының үндестігі нәтижесінде сегіз балерина сахнада самғайды. Хореографтың өзі "Бұл туынды біздің мамандық жайлы" деп сипаттаған болатын. Оның туындысы музыкалық ырғағымен, монохромды эстетикасы және орындаушылықтың ғаламат деңгейімен ерекшеленеді. Килиан балеті - сан-күйлі эмоцияның тізбегіне іспетті. Сезімтал би қимылдары мен мың бұралған бишілер лең еткізбей қоймайды.