«Ұлы дала мұрасы» Astana Ballet Алматыда

Астана Балет гастрольдердің өтетін орны : Almaty Theatre, Алматы қ., Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 30

Өтетін күні: 14-15 мамыр

Ұзақтығы: 1 сағат 30 мин, үзіліссіз 

Жас шектеуі: 5+

Қосымша: * егер сіздің балаңыз 5 немесе одан көп жаста болса, оған жеке билет сатып алу қажет

 

«Һас сақ» – қазақ дәстүрлі музыкасы мен көне түркі заманынан сақталған әскери сарындарды үндестіре білген, қазіргі заман сұранысына сай келтірілген әуендер. Ансамбль репертуарында, сондай-ақ, халық әндері мен ұмытыла бастаған күйлер бар. 

«Ұлы Дала мұрасы» - этнографиялық материал мен заманауи хореография үйлесім тапқан, дегенмен, ұлттық бидің өзіне тән бірегей келбетін, ұлттық нақышын сақтап тұрған би миниатюраларының жиынтығы. Көрермен көзайымына айналған хореографиялық туындылар көшпелі халықтың дүниетаным фәлсафасын сан қырынан ашады. Өзіндік эстетика, көз тартар, қайталанбас көркем бейнелер тізбегі көрермен көкейіңізге қонып, жанының тылсым пернелерін шертеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авахри қойған «Ұлы Дала мұрасы» гала-концерті
өтеді. Концертті – құрамында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен түлектері бар «Һас сақ» этно-фольклорлы ансамбілі сүйемелдейді.