«Ұлы дала мұрасы»

«Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығының құрметіне.

 

«Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы театрдың еліміз бен шет елдерде жиі көрсететін, ұжымның қарым-қабілетін, болмысын әйгілейтін дүниеге айналды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти қойған халық билері көңіліңізді баурап әкетіп, жүрегіңізді әлдилейтіні даусыз. Қайталанбас пластикалық сурет, бишілердің болмыс-бітімі – баршасы тартымдылық күшке ие. Ал, биқойылымдары қазірдің өзінде қазақ халық биінің жауһарына айналып үлгірді: Арулар, Әсем қоңыр, Қыз қайың, Кербез сұлу, Нұр шашу, Сый-сияпат, Ақ қыз және басқалары.

Құрметті көрермен!
Коронавирустың таралуын азайту әрі Сіздің театрға келуіңізді мейлінше қауіпсіз ету мақсатында, театрға кірерде Ashyq мобильді қосымшасы қолданылатынын ескертеміз. Ashyq қосымшасы бойынша көк және жасыл күйге жұмыс күндері рұқсат етіледі, ал жұмыс күндері тек жасыл күйге рұқсат етіледі.