«Астана Балет» симфониялық оркестрінің Халықаралық музыка күніне арналған Music Tour. The way back home атты концерті

 «Астана Балет» симфониялық оркестрінің

Халықаралық музыка күніне арналған

Music Tour. The way back home

атты концерті

Дирижер – Элмар Бөрібаев

Қазақстандық классикалық музыка әлеміндегі жаңа есім - Элмар Бөрібаев. Румыниядағы опералық-симфониялық дирижерлер халықаралық конкурсының дипломанты. Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясын аяқтаған. Болгария, Румыния, Италия елдерінің оркестрлерінде дирижер қызметін атқарған. 2022 жылы Дж.Пуччинидің «Богема» операсымен Манчинелли театрында (Орвието, Италия) дебюті өтті. Элмар сондай-ақ, биыл алған «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының» магистрі дипломын да мақтан тұтып, жоғары бағалайды.

Осы кеште орындалатын туындылар замандастарымыздың жүрегін елжіретіп, ерекше күйге бөлейтіні анық. Жас дирижер мен «Астана Балет» симфониялық оркестрінің шығармашылық ынтымағынан туындаған концертті қалың көпшілік жылы қабылдайтыны даусыз. Театрдың қайталанбас атмосферасында тың сезімге бөленіп, жарқын сәттерді басыңыздан өткеретініңізге бек сенімдіміз.

Бағдарлама:
Р.Вагнер – «Лоэнгрин» операсының ІІІ актіне антракт 
И.Штраус – «Кайзер вальс»
Э.Элгар –  «Энигма» вариациялары («Нимрод», № 9 вариация) 
Б.Сметана – «Саудаланған қалыңдық» операсынан «Комедианттар биі» 
Н.Римский-Корсаков – «Испан каприччиосы» (№ 4,5) 
К.Дебюси – «Ай сәулесі» 
А.Меликов – «Махаббат туралы дастан» балетінен «Адажио» 
А.Хачатурян – «Гаянэ» балетінен «Лезгинка» 
Б.Асафьев – «Бақшасарай бұрқағы» балетінен «Татар шапқыншылығы» 
Е.Рахмадиев – «Дайрабай» 
А.Жұбанов, Л.Хамиди –  «Абай» операсынан би 
А.Бестібаев – «Азии дауысы»