Қазбек Ахмедияров

Жетекші солист, ұстаз-репетитор

1999 жылы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Жәлелова А. сыныбы)

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында тағылымдамадан өтті (Алматы).

1999 және 2016 жылдар аралығында Франция мен Германияның балет труппаларында солист, премьер-солист болып қызмет атқарды: Капитолия театры (Тулуза), Франция Жас театры (Париж), Гессен мемлекеттік театры (Висбаден), Неміс Мемлекеттік опера және балет театры (Саарбрюкен).

Репертуарында мына балеттердегі жетекші партиялар болған:

Неаполь, Сильфида, Дженцанодағы гүлдер фестивалі А. Бурнонвиль; Раймонда, Pas de Deux, Тақырып және вариациялар, Лағыл Дж. Баланчин; Дон Кихот (Базиль - 3 акт), Аққу көлі (Зигфрид - 3 акт) Р.Нуреев; Нақтылыққа құлаш ұру У. Форсайт; Псалм симфониясы, Кішкентай өлім И.Килиан; Бір сағат ішінде ажал құшу Н. Дуато; Терімді миллион мәрте өбу Д. Доусон; Киелі көктем, Дауыл М.Вайнрот; Павана Мавра Х.Лимон; Бетховеннің жетінші симфониясы У. Шольц; Синатраның тоғыз әні Т.Тарп; Коппелия Х. Мартинес; Кармен Д. Бомбано; Дон Кихот (Базиль), Жизель (Альберт) Корсар (Раб) Н. Глушак; Ғажайып елдегі Алисаның басынан кешкендері (Қара Валет), Щелкунчик (Ханзада), Жалын құс (Иван-ханзада) М. Ран, Той С. Селис.

2015 жылдан «Астана Балет» театрының труппасында.

Балетмейстер асситенті және жетекші солист ретінде мынадай балеттерді қоюға ат салысқан:

Gaia, Love Fear Loss, A Fuego Lento, Қиялға бойлау, Diversity, Жизель - хореограф Рикардо Амаранте,

Сонымен қатар, репертуарында:

In the Middle, Somewhat Elevated - хореограф Уильям Форсайт;
Саломея (Ирод) – хореограф Мукарам Авахри;
Махаббаттың ғайып болған дарабоздары - хореография Николо Фонте.

Марапаттары:

"Құрмет" орденінің иегері (2018 ж.)

Халықаралық балет байқауының лауреаты (Новосібір, Ресей, 1999 ж., 1 жүлде).

Халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (Лозанна, Швейцария, 1996 ж.),