Дэвид Джонатан

Жетекші солист

2002 жылы Австралияның Квинсленд штатындағы балет компаниясында қызмет істеп жүріп, Балет академиясын аяқтаған. Кейін Мельбурнге қоныс аударып, Австралия Балет академиясында біліктілігін арттырды.

2006 жылы Батыс Австралия Балет труппасына қабылданып, Пертск өнер фестивалінің аясында өзінің алғашқы қойылымын жасады.

2007 жылдан Фландрия Корольдік балетінің (Бельгия) әртісі. 2013 жылдан осы труппаның солисті. Репертуарында келесі балеттердің жетекші партиялары бар: Баядерка (Солор), Онегин (Ленский), Ұйқыдағы ару (Дезире ханзада), Дон Кихот (Эспада), сонымен қатар, Джордж Баланчиннің қойылымдарындағы жетекші партиялар: Па-де-де, Серенада, Бәрі бір емес пе?

2007 - 2016 жылдар аралығында И.Килиан, У.Форсайт, С.Харви, М.Хайдей, П.Нири, Р.Амаранте, У.М.Грегор, А.Фадеечев, Г.Тетли, К.Спак, Э.Пэйдж, Н.Фонте, К.Сото, Й.Эло, Э.Клюг, М.Корера, М. де Кандия және М.Молес сынды хореографтармен жұмыс істеген.

Балетмейстер ретінде Батыс Австралия балеті мен Фландрия Корольдік балеті мен Фландрия Корольдік балет мектебінің труппаларымен жұмыс істеген. Хельсинкидегі Халықаралық балет байқауында (Финляндия) Хореографтар жүлдесінің лауреаты атанды.

2016 жылдан "Астана Балет" труппасында қызмет етеді.

Репертуары:

Контраст - хореограф Рубен Терранова;
Жизель (Альберт), Қиялға бойлау (Сергей Рахманиновтың бозбала шағы), A fuego lento, Diversiti, Love Fear Loss (бірінші дуэт) - Рикардо Амаранте;
Серенада - хореограф Джордж Баланчи;
In the Middle, Somewhat Elevated - хореограф Уильям Форсайт;
Вальпургиев түні (Вакх) - хореограф Георгий Ковтун;
Соломея, Жусан - хореограф Мукарам Авахри;
Махаббаттың ғайып болған дарабоздары - хореография Николо Фонте;
Щелкунчик (Ханзада) – хореограф Василий Вайнонен.

Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:

Балбырауын - хореограф Дәурен Әбіров.
Скиф фрескалары - хореограф Мукарам Авахри.