Айжан Мұқатова

2003 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Гуляева И. Н. сыныбы)

2006 жылы – «Болашақ» Қарағанды университетінің мәдениеттану мамандығы бойынша бакалавриат аяқтады.

2007 жылы Ла Скала театрында тағылымдамадан өтті (Милан, Италия).

2003 - 2010 жылдары – К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисті.

Репертуарында мына спектакльдердің жетекші партиялары болған:

Аққу көлі (Одетта-Одилия, pasdetrois), Щелкунчик (Маша), Жизель, Баядерка (көлеңке триосы), Дон Кихот (Дриад әміршісі, Сыған биі, Мерседес), Бақшасарай бұрқағы, Коппелия, Корсар (одалискалар триосы, pasdedeux), Карнавал (Кьярина), Шопениана (Прелюд), Жаралы аққу.

2010 - 2016 жылдары Борис Эйфманның Академиялық театрында жұмыс істеді (Санкт-Петербор, РФ). Репертуарында Б.Эйфман қойған спектакльдер болған, сонымен қатар, Анна Каренина, Қызыл Жизель, Дон Кихот, Орыс Гамлеті, Роден, Шағала, Күнәның ар жағы, Реквием, Чайковский PROetCONTRA және басқалары.

2017 жылдан «Астана Балет» театрының труппасында.

Репертуары:

Қиялға бойлау (Наталья Сатина – торығу), Gaia, Diversity – хореограф Рикардо Амаранте

Кармен (қызыл киген Кармен), Саломея (Саломея) - хореограф Мукарам Авахри

Серенада - хореограф Джордж Баланчин

In the Middle, Somewhat Elevated - хореограф Уильям Форсайт

Клеопатра (Арсиноя) – хореограф Николай Маркелов

Контраст - хореограф Рубен Терранова

Махаббаттың ғайып болған дарабоздары - хореография Николо Фонте

Махаббат туралы аңыз - хореограф Юрий Григорович

Күлше қыз - хореограф Надежда Калинина

Instinct - хореограф Дэвид Джонатан

Жолдан тайғандар - хореограф Иржи Килиан

Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:

Тұтылу, Нұрға бөлену - хореограф Мукарам Авахри

Марапаттар:

«Шабыт» Халықаралық жастар фестивалінің лауреаты (Астана, 2006 ж., 2 жүлде)